"Ауыр соққы жасай алмаймын". Рахмонов UFC ұйымындағы дебюті неге кейінге шегерілгенін түсіндірді

Сурет: Қазақстан ММА баспасөз қызметі
Қазақстандық спортшы Шавкат Рахмонов (12-0) UFC ұйымындағы дебюті кейінге шегерілгенін растады. Vesti.kz тілшісіне берген сұқбатында ол жарақаты туралы және қашан емделіп бітетінін айтты. 

Еске салайық, Рахмонов 15 шілде күні Абу-Даби қаласындағы "Жауынгерлер аралында" UFC турнирінде айқасу керек еді. Бүгін қазақстандық спортшының жарақат алғаны белгілі болып, жекпе-жегі кейінге шегерілді. 

"Бұл рас ақпарат. Мен турнирге қатыса алмаймын. Қолымнан жарақат алдым. Ауыр соққы жасай алмаймын. Қанша уақыт емделетінімді білмеймін. Мүмкін екі ай шығар. Ең бастысы қолым жарылып немесе сынған жоқ. Тек ауыр соққы жасай алмаймын", - деді Рахмонов. 

Еске салайық, Рахмоновтың UFC ұйымындағы жекпе-жегі осымен екінші рет кейінге шегеріліп отыр. Әуелде ол Лондон қаласындағы UFC Fight Night 171 кездесу өткізуі керек болатын. Бірақ коронавирус індетіне байланысты шоуды АҚШ жеріне ауыстырып жіберді. Ал Рахмонов визасына байланысты мұхиттың арғы жағына бара алмады. 



Метки: