Қазақстандық файтер Бекжан Бәкіров Ташкентте (Өзбекстан) чемпиондық белбеу үшін жекпе-жек шығады, деп хабарлайды Vesti.kz сайты Nomad Fighting промоушеніне сілтеме жасап.
Ауыр салмақтағы қазақстандықтың титулды айқастағы қарсыласы ресейлік Мурат "Чемпион" Халидов болады. Жекпе-жек 17 қазанда реванш форматында өтеді.
NOMAD 12 турнирінде өткен алғашқы кездесуде Халидов төрешілер шешімімен Бәкіровті жеңген болатын. Алдағы жекпе-жекте Халидов өз чемпиондық титулын қорғайды.
Айта кетейік, Nomad Fighting ұйымының 16-шы турнирі 17 қазанда Өзбекстан астанасы Ташкентте өтеді. Шоуға қазақстандық Мұқас өткіздератбек Қасымбай да қатысады.