MMA
20 мамыр 2024 10:31

Ауыр салмақтағы қазақ файтер қарсыласын бір раунд та шыдатпады

©Eagle FC

Жартылай ауыр салмақта жұдырықтасатын қазақстандық файтер Дияр Нұрғожай (9-0) екі жылдық үзілістен кейін шаршы алаңға қайта оралды. Абу-Дабиде өткен UAE Warriors 50 турнирінде ол аргентиналық Эмилиано Сордимен (24-13-1) жекпе-жек өткізді, деп жазады Vesti.kz.

Бұл айқас бірінші раундта-ақ аяқталды, Дияр қарсыласын бет қаратпай сабап тастады. Төреші жекпе-жекті үзіп, аргентиналықтың таяқ жеуін тоқтатты. Осылайша, қазақ файтер тоғыз жекпе-жегінің жетеуін нокаутпен аяқтап отыр. 

Бұған дейін Дияр 2022 жылы тамызда Eagle FC турнирінде жұдырықтасқан. Ол кезде қазақ файтер Хабиб Нурмагомедовтың лигасындағы чемпиондығын қорғап қалған. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport