Ауыр операция жасатқан UFC чемпионы келесі кездесуін қашан өткізетінін айтты

27 маусым 2022 15:36
©UFC

Аса ауыр салмақта UFC чемпионы камерундық Фрэнсис Нганну келесі кездесуін қашан өткізетінін айтты. 

Еске салайық, наурыз айында Нганну тізесіне операция жасатты. Содан соң емделіп келді. 

"Қазір жағдайым жақсы. Оңай болған жоқ. Бірақ мен бұл қиын кезеңді өткердім. Үш ай өтті. Дегенмен мен әлі ем-дом жасап жатырмын. Егер бәрі дұрыс болса, жыл соңына дейін, желтоқсан айында кездесу өткіземін. Болмаса келесі жылдың басында", - деді Фрэнсис TMZ басылымына берген сұқбатында. 

Айта кетейік, Нганну соңғы кездесуін Калифорнияда UFC 270 турнирінде өткізіп, франциялық Сириль Ганды жеңген болатын. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: