Жартылай орта салмқта UFC чемпиондығыныа бұрынғы үміткер Рикардо Ламас Келвин Каттарға қарсы жекпе-жекте алған жарақаты туралы айтып берді.
Бұл кездесу 8 маусым Чикагода өткен UFC 238 турнирінде болды. Бірінші раунд соңында Каттар қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді.
Жеңілісітен кейін Ламас ауруханаға жеткізілді. Файтердің сөзінше, оның жағы үш жерден сынған.
Жарақаттың ауырлығына байланысты оған ота жасалып, жағына титан пластиналар салынды. Әзірге ол өздігінен тамақты шайнап жей алмайды. Жанкүйерлерге жолдауында ол кезекті жеңілісі үшін кешірім сұрап, қолдау көрсеткен жақындарына алғыс айтты.
MMA
12 маусым 2019 13:08
Ауыр нокаутпен жеңілген UFC файтерінің жағы үш жерден сынған
© MMA Fighting