MMA
14 мамыр 13:20
 

"Ауыр қылмыс". Хабиб Нурмагомедов 6 жылға сотталуы мүмкін

"Ауыр қылмыс". Хабиб Нурмагомедов 6 жылға сотталуы мүмкін ©LEGION-MEDIA

UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың салық қызметі алдында үлкен қарызы бар болып шықты. 

blog.share

UFC ұйымының бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедовтың салық қызметі алдында үлкен қарызы бар болып шықты. 

Ресейлік БАҚ мәліметінше, Хабиб 306 миллион 688 мың 389 рубль (шамамен 1,5 миллиард теңгедей) қарызы бар болып шықты. Mash басылымы Ресейдің Федералдық салық қызметі Нурмагомедовке тиесілі Eagle FC промоушені және спортшының қайырымдылық қорының есеп-шотын бұғаттағанын хабарлады. 

Адвокат Игорь Бушмановтың сөзінше, салық төлемегені үшін Нурмагомедов түрмеге отыруы да мүмкін. 

"Ұйым салығынан жалтару - ауыр қылмыс. Төленбеген салық соммасы 10 миллионнан асса, бұл үшін РФ заңындағы 199-бабы бойынша 6 жылға дейін бас бостандығынан айыру туралы заң қарастырылған. 

Мұндай істі Ресейдің тергеу комитеті жүргізеді. Әдетте айыпкер ретінде ұйым жетекшісі жауапқа тартылады. Сирек түрде - құрылтайшы мен бас бухгалтер. Айыпкер салық пен өсімді толық төлесе жазадан құтылады", - деп береді адвокаттың сөзін "СЭ".

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!