Әуесқойда қарсылас шақ келтірмеген қазақ кәсіпқой ММА-де айқас өткізеді

10 тамыз 2022 07:20
©instagram.com/kazmma_official/

Қазақстандық MMA файтері Бағдат Жұбаныш кәсіпқойда алғашқы айқасын өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек туралы Naiza лигасының президенті Нұрбек Қарабаланың Instagram желісіндегі сұрақтарға жауабынан белгілі болды. Оның сөзінше, Бағдат 25 тамыз Naiza лигасы өткізетін жекпе-жек кешінде жұдырықтасады. 

Айта кетейік, Бағдат Жұбаныш әуесқойлар арасында үш дүркін әлем чемпионы. Ол жаһандық біріншілікті үш рет жеңген әлемдегі бірінші спортшы. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: