Нұр-Сұлтанда аралас жекпе-жектен Eagle Fighting Championship лигасының 50-ші мерейтойлық турнирі өтті, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жартылай ауыр салмақта Eagle FC ұйымының бос болған чемпиондық белбеуі үшін қазақстандық Данияр Нұрғожай (7-0) мен ресейлік Константин Андрейцев (18-14) айқасты. Бес раунд қорытындысы бойынша Данияр төрешілер шешімімен жеңді.
Осылайша, Данияр Нұрғожай Eagle FC лигасының Қазақстандағы бірінші чемпионы атанды.