Аты шулы шешен Шавкат Рахмоновты екі-ақ сөзбен сипаттады

©Fight Wave

Тегі шешен шведциялық файтер Хамзат Чимаев Youtube-тегі Red Corner MMA арнасына берген сұхбатында белгілі спортшыларды екі сөзбен сипаттады. Олардың арасында қазақстандық Шавкат Рахмонов та бар, деп хабарлайды Vesti.kz.

Қазіргі таңда Чимаев UFC-дің жартылай орта салмақ рейтінгінде үшінші, ал Рахмонов оныншы орында екенін айта кетейік.

- Колби Ковингтон.
- Клоун.

- Хорхе Масвидаль.
- Жалған гангстер.

- Камару Усман.
- Жақсы файтер.

- Шавкат Рахмонов.
- Жақсы файтер.

- Алекс Перейра.
- Қорқып қалған балақай.

- Роберт Уиттакер.
- Жақсы жігіт.

- Шон Стрикланд.
- Қызық жігіт.

- Конор МакГрегор.
- Шоумен, - деді Чимаев.

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport