MMA
13 шілде 2020 11:43

Атақты маман Жұмағұлов жұдырықтасқан UFC турниріндегі төрешілер кемшілігін ашық айтты

Сурет: Fightnews.info
Аралас жекпе-жек спортындағы танымал төреші Джон Маккарти UFC 251 турнирінде жеңіл салмақтың чемпионы Алекс Волкановски мен Макс Холлоуэй арасындағы кездесудің нәтижесімен мүлде келіспейтінін айтты. Аталған кездесуде төрешілер дұрыс жұмыс істемеген. Сол үшін де жауапкершілікті UFC басшылары алу керек деп санайды. Бұл туралы AllBoxing.Ru жазып отыр. 


"Бұл кездесу туралы айтайық. Макс Холлоуэй ... "тоналды" дегім келмейді. Бірақ ол анық жеңді. UFC басшылары турнирге алып келген төрешілер үшін жауапты. Ең нашар төрешілерді таңдапты. Турнирде болғандары мұндай кездесуде қазылық жасауға дайын емес. Өйткені Волкановскидің кездесуінде төреші болуға қиын ештеңе жоқ еді. Макс алғашқы раундта оны оңай жеңді. Иә, Волкановски кездесудің соңын өз пайдасына аяқтады. Алайда, оған үш раундта да жеңісті беруге еш негіз жоқ еді. Қайда қарағандардыңды білмеймін, алайда, бқл мүмкін емес. Сіздер жұмыс ітсеку керек ережені жазып бердім. Бірақ оны ұстанбадыңыздар

Менің есебімен бойынша 3-2 болды. Тіпті 49-46 есебімен жеңісті Холлоуэйға беруге болатын еді", - деді Маккарти WEIGHING IN подкасында. 

Айта кетейік, UFC 251 турнирінде қазақстандық спортшы Жалғас Жұмағұлов бұл ұйымдағы бірінші кездесуін өткізіп, төрешілердің түсініксіз шешімі бойынша бразилиялық Раулиан Пайвадан жеңіліп қалды.