MMA
26 тамыз 2020 17:22

"Асыға күтіп жүрмін". UFC басшысы жылдың ең мықты жекпе-жегі жайында

Пауло Коста. Сурет: Fightnews.info
UFC президенті Дана Уайт жылдың ең үздік жепе-жегі қай кездесу болатынын айтты. Президенттің ойынша, ол кездесу 26 қыркүйек күні орта салмақты ұйым чемпионы Исраэль Адесанья мен Пауло Коста арасындағы айқас екен. 

"Иә, бұл жылдың ең үздік жепке-жегі. Асыға күтіп жүрмін. Бірақ Чжан Вэйли мен Йионна Енджейчик арасындағы кездесу ойымнан кетер емес. Мен ол кезде экраннан бас тарта алмай қалдым. Сол үшін де маңызды кездесуді жіберіп алдым. Өте мықты кездесу болды", - дейді Уайт. 

Сондай-ақ президент Адесанья-Коста кездесуінен бөлек Хабиб Нурмагомедов пен Джастин Гэтжи арасындағы кездесу жанкүйерлер күткен үмітті ақтайтынын айтты. 

"Алдағы жоспарланған кездесу барлық үміттеріңізді ақтайды деп айта аламын. Бұл Джастин Гэтжи - Хабиб Нурмагомедов және Исраэль Адесанья - Пауло Коста арасындағы жекпе-жек. Бірақ дәл қазір кездесулердің қайда өтетінін айта алмаймын", - деді ол. 

Айта кетейік, Нурмагомедов - Гэтжи арасындағы кездесу 24 қазанға жоспарланған. Жекпе-жек Абу-Даби қаласында өтеді деп жоспарлануда.