Асу Алмабаевтың келесі айқасы нокаутпен бітетіні айтылды

©instagram.com/asu_zulfikar57

UFC-де өнер көрсететін Азат Мақсұм (17-0) Асу Алмабаевтың (18-2) осы ұйымдағы екінші жекпе-жегіне болжам жасады, деп жазады Vesti.kz.

Асу 9 наурыз Майамиде өтетін UFC 299 турнирінде америкалық Си Джей Вергарамен (9-4) айқасады. 

"Алмабаевтың жекпе-жегі бойынша менің ойым? Асудың грепплингі жоғары деңгейде. Ол өзінің мықты жағын пайдалану керек. Меніңше, ол қарсыласын қылқындырып тастайды немесе нокаутқа түсіреді", - деп береді Азаттың сөзін Sport+.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport