Асу Алмабаевтың қарсыласы жекпе-жекке қатысты шындықты бүкпесіз айтты

©UFC

Ямайкалық файтер Оди Осборн қазақстандық Асу Алмабаевтан жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz

"Дайындық кезінде қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Жекпе-жек менің пайдама аяқталмады. Ешқандай сылтау айтқым келмейді. Асу менен мықты болды. Шықты да, жеңіс үшін керектіні жасады. Нэшвиллде жекпе-жеке шыға алғаныма қуаныштымын. Бұл миллионның біріне ғана бұйырады. Әрине жеңіліп қалғаныма көңілім түсіп кетті. Бірақ амал қанша, жекпе-жек заңы солай. Бірде жеңесің, бірде жеңілесің. Бүгін мені қолдағандарға алғыс білдіремін. Келесі жолы көрісеміз", - дейді Осборн. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport