Ямайкалық файтер Оди Осборн қазақстандық Асу Алмабаевтан жеңілгеніне қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
"Дайындық кезінде қолымнан келгеннің бәрін жасадым. Жекпе-жек менің пайдама аяқталмады. Ешқандай сылтау айтқым келмейді. Асу менен мықты болды. Шықты да, жеңіс үшін керектіні жасады. Нэшвиллде жекпе-жеке шыға алғаныма қуаныштымын. Бұл миллионның біріне ғана бұйырады. Әрине жеңіліп қалғаныма көңілім түсіп кетті. Бірақ амал қанша, жекпе-жек заңы солай. Бірде жеңесің, бірде жеңілесің. Бүгін мені қолдағандарға алғыс білдіремін. Келесі жолы көрісеміз", - дейді Осборн.