UFC-дегі жекпе-жегінен кейін қазақстандық Асу Алмабаев (21-3) елге оралды, деп хабарлайды Vesti.kz спортшының DAR Team командасына сілтеме жасап.
2 наурызда Асу Лас-Вегаста өткен UFC Fight Night 253 турниріне қатысып, португалиялық Манел Капеден (21-7) жеңілді."Асу Алмабаев UFC-дегі жекпе-жегінен кейін елге оралды. Жекпе-жек нәтижесіне қарамастан, бұл оның мансабындағы маңызды тәжірибе және үлкен қадам. Команда мен жанкүйерлер оны қолдаумен қарсы алды", - делінген DAR Team хабарламасында.
Алмабаев UFC-дің басты айқасында жұдырықтасқан алғашқы қазақстандық болды. Бұл оның промоушендегі бірінші жеңілісі.