Қазақстандық файтер Асу Алмабаев ең жеңіл салмақта UFC рейтингінде бірінші тұрған америкалық Джошуа Ванды не үшін жекпе-жекке шақырғанын түсіндірді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Алмабаевтың айтуынша, бұл спортта мақсатқа жету үшін тәуекелге бару қажет, ал оның басты мақсаты – чемпиондық белбеуге жету.
"Қазақтарда: "Түй сұрасаң — бие береді" дейді. Біз осы спорт түрінде жүрген соң, әрқашан тәуекелге бару керекпіз деп ойлаймын. Мен жасарып жатқан жоқпын. Жасым 23–24-те болса, асықпай, сабырлы түрде айқасар едім. Бірақ менің мінезім бәрін бірден алуға бейім, өйткені күн сайын жаттығудан басқа ешнәрсем жоқ. Ұйықтар алдында да чемпиондық белбеуді қалай алатынымды ойлаймын. Көп адамдар бұған күмәнданады. Капемен жекпе-жек алдында бәрі мені титулға лайық дейтін, ал кейін — керісінше айта бастады. Бірақ мәселе онда емес: бәрі менің ойым мен назарымда", - деді Алмабаев YouTube-арнасындағы Naiza TV бағдарламасында.
22 қараша Дохада (Катар) өткен UFC Fight Night 265 турнирінде Асу Алмабаев (23–3 MMA, 6–1 UFC) америкалық Алекс Пересті (25–10 MMA, 7–6 UFC) үшінші раундта тұншықтыру әдісімен жеңді.
Бұл жеңіс қазақстандық спортшыға рейтингте сегізінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді. Бұл салмақта UFC чемпионы бразилиялық Алешандри Пантожа (30–5 MMA, 14–3 UFC).
Жарнама