Асу Алмабаев UFC-дегі айқасы алдында мәлімдеме жасады

©instagram.com/darteam.kazakhstan

Аралас жекпе-жектің қазақстандық шебері Асу Алмабаев (18-2) әлеуметтік желіде жазба жариялады. Спортшы UFC-дегі екінші жекпе-жегіне дайындалып жатыр, деп жазады Vesti.kz.

Асу октагонға 9 наурыз Майамидегі UFC 299 турнирінде шығады. Алмабаевтың қарсыласы америкалық Си Джей Вергара (12-4-1).

"Жаттығып жатқанымызға бір ай болды, алдағы жекпе-жекке жарақатсыз шығамыз деген үміттемін. Қадамдап жылжып келеміз...", - деп жазыпты файтер әлеуметтік желіде. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport