UFC-де ең жеңіл салмақта өнер көрсететін Асу Алмабаев (22-3) америкалық файтер Алекс Переспен (25-9) жекпе-жек өткізеді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Жуырда ғана АҚШ спортшысы Жанаталап тумасына жекпе-жекке шығуға ұсыныс жасап, оны UFC-дегі қараша айындағы турнирге жоспарлауды ұсынған еді. Sport Kor мәліметінше, Алмабаев бұл кездесуді қабылдады.
Кездесу 22 қараша күні Дохада өтетін UFC Fight Night турнирінде өтеді. Бұл Дэйна Уайт жетекшілік ететін лиганың Катарда өтетін алғашқы турнирі болмақ.
Кейінгі айқасын 2025 жылдың 26 шілдесінде өткізген Асу перулік Хосе Очоаны (8-2) төрешілер шешімімен жеңген болатын. Ал Перес бір жылдан аса уақыт октагонға шыққан жоқ: ол 2024 жылдың 15 маусымында өткен Тацуро Тайрамен (17-1) айқаста техникалық нокаутпен жеңіліп, тізесінен ауыр жарақат алған еді.
Айта кетейік, Алмабаевтың алдағы қарсыласы UFC белбеуіне үміткер болған файтер.
Жарнама