MMA
Бүгін 09:45

Асу Алмабаев жеңілмеген қарсыласынан басым түсіп титул жеңіп алды

©UFC

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Асу Алмабаев ACBJJ лигасында жеңіліп көрмеген тәжістандық Халим Назрулоевпен белдесуде жеңіскке жетіп, чемпиондық титулды иеленді, деп хабарлайды Vesti.kz.

Жекпе-жек Ыстамбұлда өткен ACBJJ 22 турнирі аясында ұйымдастырылды. Қарсыластар No-Gi ережесі бойынша, яғни кимоносыз күресті. Жекпе-жек 60 келіге дейінгі салмақта өтті. Алмабаев төрешілер шешімімен жеңіске жетіп, All-Stars Title No-Gi чемпиондық белбеуін жеңіп алды.

Бұл Алмабаевтың ACBJJ-дегі алғашқы жекпе-жегі болды. Қазақстандық спортшы бразилиялық джиу-джитсу және грэпплинг лигасымен келісімшартқа 2026 жылдың 6 тамызында қол қойған еді.

Айта кетейік, Алмабаев UFC-дің аса жеңіл салмағында да өнер көрсетеді. Ол америкалық промоушенде сегіз жекпе-жек өткізіп, жеті рет жеңіске жетті және бір рет жеңілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport