Асу Алмабаев бразилиялық қарсыласын ауыр нокаутқа түсірді. Видео

30 желтоқсан 2021 07:21
©М-1

Қазақстандық ММА шебері Асу Алмабаев (14-2) Алматыдағы Naiza FC 36 жекпе-жек кешінде Бразилиядан келген Кайк Аленкарды (10-2) ауыр нокаутқа түсірді, деп жазады Vesti.kz тілшісі.

Кештің басты айқастырының бірінде жерлесіміз алғашқы минуттардан бастап белсенді болды. Нәтижесінде Алмабаев үшінші раундта қарсыласын нокаутқа түсірді. Осылайша, бразилиялық спортшы карьреасында бірінші рет уақытынан ерте нокаутпен жеңіліп отыр.

Ал Асу Алмабаев болса 14 жеңісне қол жеткізді.

Бір қызығы, Аленкар карьреасында тек қазақ жігіттеріне есе жіберген. 2019 жылы ол Арман Әшімовтен айласын асыра алмаған еді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: