Асу Алмабаев Америкада UFC-дегі келесі айқасына дайындығын пысықтауда

©instagram.com/asu_zulfikar57

Қазақстандық Асу Алмабаев (18-2) UFC-дегі келесі жекпе-жегіне жаттығуын пысықтау үшін АҚШ-қа барды.

Асу Майамидегі Kill Cliff FC залында қос бапкер Генри Хуфта және Саид Сапаровтың жетекшілігімен жаттығып жатыр.

Еске салайық, Алмабаевтың келесі қарсыласы амеркиалық Си Джей Вергара (9-4). Олар 9 наурыз Майамиде өтетін UFC 299 турнирінде жұдырықтасады.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport