Астана полициясы Fight Nights Global бас төрешісін ұрып-соққандарға айыппұл салды
Астана полициясы Fight Nights Global турнирінің бас төрешісі Радмир Габдуллинді ұрып-соққандарға айыппұл салды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі елордалық ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"РФ-ның екі азаматына қатысты бұзақылық дерегі бойынша Астана полицейлері ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 434-бабымен әкімшілік хаттама толтырды, оларға 10 АЕК көлемінде айыппұл салынды", - деп хабарлады елордалық ІІД-нің баспасөз қызметінің жетекшісі Софья Қылышбекова.
Ол жәбірленушілерден полицияға хабар түспегенін айтты.
Осыған дейін Астанада Fight Nights Global турнирінің бас төрешісінің соққыға жығылғаны хабарланған болатын. Қазақстан астанасында аралас жекпе-жектен Fight Nights Global турнирі өткеннен кейін жарыстың бас төрешісі Радмир Габдуллинге шабуыл жасалған. Қазіргі уақытта Ресейдегі ММА одағының президенті Федор Емельяненконың орынбасары ауруханада жатыр. Оның жағы сынған.

Жарнама