"Аш қалып, шөлмек те өткізгенбіз". Чимаев UFC-ге дейінгі күн көрісі жайлы

©Global Look Press

UFC-де өнер көрсететін швециялық Хамзат Чимаев кәсіпқой спортқа қалай келгенін айтып берді. 

"Швецияда ешкіміміз болған жоқ, жұмыс істеп, ертерек есеюге тура келді. 18-19 жасымда біресе күзетші болдым, бірде фабрикада жұмыс істедім. Жұмыстан кейін жаттығатынмын. 

23-24 жасымда бір бауырымызды жолықтырдым, ол жаттығып, жарысқа шығуды ұсынды, мен бас тарттым. Бірақ ол қоймады. Залға келдік, сөйтіп менде спаррингте бәрі тамаша болды. Кәсіпқой файтерлер де болды, оларды да жеңіп отырдым. Бапкер менен қайда өнер көрсетесің деп сұрады. Осылай менің карьерам басталды. 

UFC-ге дейін үлкен ақша болмады, ешқандай демеуші, ақшалы бауырлар. Амалдап күнімізді көрдік. Шөлмек өткізген кезіміз де болған. Швецияда арнайы автомат бар. Біздің залды жинаушы адам қалбырлы ыдыстарды жиып қоятын. Бір күні аш қалдық, ақша жоқ, одан сол қалбырлы ыдыстарды алып, өткіздік те пицца алып жегенбіз", - дейді Чимаев "Обзор Press" YouTube арнасына берген сұхбатында. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport