АСА лигасының бұрынғы файтері оқыстан қаза болды

15 қараша 2021 12:10
©instagram.com/aca_mma

АСА лигасында өнер көрсеткен ММА файтері Матеуш Лазовски тауда болған қайғылы оқиғада көз жұмды, деп хабарлайды "Чемпионат". Алдын ала мәлімет бойынша, 35 жастағы польшалық құздан құлап кеткен.

"Кеше болған қайғылы жағдай туралы естідік. ACA командасы толықтай Матеуш Лазовскидің отбасы мен туыстарына көңіл айтады. Жатқан жерің жайлы болсын", - деп жазыпты АСА баспасөз қызметі Instagram желісінде.

Лазовски алты жекпе-жек өткізген. Үшеуінде жеңіске жеткен - бір нокаут, екеуін төрешілер шешімімен. 2021 жылы қыркүйекте өткен соңғы айқасында Матеуш отандасы Патрик Дубиледен жеңілді.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport