Қазақстандық ММА шебері Артем Резников (22-6) ACA 140 турнирінің алдында өткен салмақ өлшеу рәсімінде 650 грамм артық салмақ көрсетті, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.
Соған қарамастан отандасымыз UFC промоушенінің экс өкілі бразилиялық Дави Рамоспен (10-4) жекпе-жек өткізеді. Бұл айқас Ресейдің Сочи қаласында өтеді. Алайда салмағының көптігіне байланысты Резников тапқан табысының 20 пайызын қарсыласына беруге мәжбүр. Рамостың салмағы 70,8 келіні көрсетті.
Жекпе-жек 17 маусым күні елорда уақытымен кешкі сағат 21:00 басталады. Отандасымыз кештің басты кардына қатысатындықтан, оның айқасын түнгі сағат 02.00 шамасында тамашалай аласыздар.
Басты кард:
Артем Резников — Дави Рамос (70,8 келі)
Венер Галиев — Мухамед Коков (84,4 келі)
Абдул-Рахман Джанаев — Никола Дипчиков (84,4 келі)
Павел Гордеев — Лом-Али Нальгиев (70,8 келі)
Саламу Абдурахманов — Сиро Роригес (84,4 келі)
Жекпе-жектер:
Амирхан Гулиев — Олег Оленичев (93,4 келі)
Ахмед Мусакаев — Мурад Каламов (61,7 келі)
Гога Шаматава — Джосиель Сильва (57,2 келі)
Ибрагим Магомедов — Русимар Пальярес (84,4 келі)
Махарбек Каргинов — Уолтер Перейра (61,7 келі)
Артур Астахов — Леонардо Сильва (93,4 келі)
Бидзина Гавашелишвили — Рыскулбек Ибраимов (61,7 келі)
Илья Ходкевич — Витезслав Райнох (70,8 келі)
Селем Евлоев — Михаил Погодин (61,7 келі).