Арман "Сұңқар" Оспановтан нокаутқа түскен Мирзаевты ауруханаға алып кетті

7 наурыз 2020 17:35
Сурет: ACA MMA©
Ресейлік файтер Расул Мирзаев қазақстандық Арман Оспановтан нокаутқа түсуіне қатысты пікір білдірді. 

Жекпе-жек 6 наурыз Алматыдағы ACA 105 турнирінде өтіп, бірінші раундта аяқталды. Нокаут видеосын мына жерден көре аласыз. 

Жекпе-жектен кейін Мирзаев жедел жәрдемде отырып, әлеуметтік желіде пост жариялады.

"Достар, жеңілдім, мықтырақ болып ораламын, қолдауларыңызға рахмет!" - деп жазыпты ол.



Оспановтың өзі жекпе-жектен соң Мирзаевтың уақыты өткенін айтты.