Арман Оспановтың UFC-дегі алғашқы жекпе-жегінің уақыты нақтыланды

2 желтоқсан 2020 09:36
Сурет: instagram.com/ArmanOspan89

Жартылай жеңіл салмақта жұдырықтасатын қазақстандық файтер Арман Оспанов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегін қашан өткізетіні белгілі болды, деп хабарлайды Vesti.kz. Қазақтың "Сұңқары" әлемдік промоушенде 2021 жылдың басында өнер көрсете бастайды. 

Мұның алдында Арман UFC-дегі дебютін желтоқсанда өткізе алатынын хабарланған еді. Алайда жекпе-жек екі айға шегерілді. 

"Арман Оспановқа қатысты мәлімет. Ол UFC-дегі дебютін 2021 жылдың қаңтар-ақпанында өткізеді", - деп жазыпты Instagram желісінде ресейлік журналист-инсайдер Игорь Лазорин.

Еске салайық, кейінгі рет Оспанов АСА 105 турнирінде жекпе-жекке шығып, ресейлік "Қара жолбарыс" лақап атты Расул Мирзаевты нокаутқа түсірген.