Арман Оспанов UFC ұйымындағы алғашқы кездесуін жыл соңында өткізеді

16 қараша 2020 18:43
Сурет: ACA©

Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы Арман Оспанов (10-3) UFC ұйымындағы бірінші кездесуін жыл соңына дейін өткізуі мүмкін. Бұл туралы ресейлік спорт тілшісі Игорь Лазорин Instagram парақшасында жазды. 

Оның ақпараты бойынша, спортшының АҚШ жерінде жұмыс визасы жасалып жатыр екен. 

"Арман Оспанов қазіргі таңда АҚШ-та. Оған жұмыс визасы жасалып жатыр. 2021 жылға дейін ол UFC ұйымында бірінші кездесуін өткізуі мүмкін", - деп жазды Лазорин. 

Айта кетейік, Оспановтың менеджері - Али Абдель-Азиз. Ол танымал ресейлік Хабиб Нурмагомедовтің де менеджері. 

 

Метки: