Орта салмақта өнер көрсететін қазақстандық спортшы Арман Оспанов (10-3) UFC ұйымындағы бірінші кездесуін жыл соңына дейін өткізуі мүмкін. Бұл туралы ресейлік спорт тілшісі Игорь Лазорин Instagram парақшасында жазды.
Оның ақпараты бойынша, спортшының АҚШ жерінде жұмыс визасы жасалып жатыр екен.