Арман Оспанов UFC ұйымымен келісімшарт жасады ма?

11 қараша 2020 18:22
Арман Оспанов. Сурет: АСА©️
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Арман Оспанов (10-3) жуық арада әлемнің ең мықты промоушені UFC ұйымымен келісімшарт жасауы мүмкін,- деп хабарлайды Vesti.kz порталы. 

Өткен аптада спортшы Лас-Вегас (АҚШ) қаласына ұшып барды. Әлеуметтік желілердегі суреттеріне қарағанда Оспанов қазір UFC спортшыларын дайындайтын UFC Performance Institute институтында секілді. Осы жерде қазақстандық спортшы ұйым басшыларымен келіссөз жүргізуі әбден ықтимал. 

Тамыз айында Оспанов күзде UFC ұйымымен келісімшарт жасаймын деп мәлімдедеген еді. Спортшымыз UFC ұйымымен келісімшарт жасап қоюы де мүмкін. Бірақ мұны ұйым да, спортшы да құпия ұстап жатқан секілді. Оспановтың командасы болса спортшының алдағы кездесуге дайындалып жатқанынан басқа ақпарат таратпады. 









Метки: