auth.social_login
js.pozhaluista_podojdite js.ukazhite_email js.ukazhite_imya_ili_psevdonim js.ukazhite_parol js.dlya_registracii_na_saite_vy_doljny js.dlya_redaktir_profilya js.ukazhite_korrektny_email material_dobavlen_v_izbrannoe js.dobavit_v_izbrannoe js.ubrat_iz_izbrannogo js.paroli_ne_sovpadayut js.zadaite_parol_dlya_vhoda_na_sait js.horoshi_parol_doljen_soderjat js.spasibo_za_vash_golos js.dobavit_plus_1 js.ubrat_plus_1 js.vyberite_variant_otveta
js.mesto
жаңа тег қосу Слайдшоу қарау (пробел) Пауза Артқа Алға Орнынан көшіру Жабу (Esc) Толық көлеміне ашу Суретті жабу үшін жай басыңыз, қозғау үшін басып жібермеңіз
Пікіріңізге рахмет! Мәтін қойыңыз...
По-русски Табло
Сайтқа кіру
auth.social_login:
Сіздің Vesti.kz сайтындағы аккаунт Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?
Құпия сөзді ұмытып қалдыңыз ба?

Сіздің жаңа құпия сөзіңізді жіберетін email-ді атаңыз. Ақырында сіз құпия сөзді жеке бетіңізде өзгерте аласыз

Арман Оспанов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі қашан өтетінін айтты

Қазір отандасымыз Джастин Гейджимен бірге жаттығады.

Арман Оспанов UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі қашан өтетінін айтты
Аралас жекпе-жекте өнер көрсететін қазақстандық спортшы Арман Оспанов (11-3) UFC-дегі дебюті қашан өтетін айтты,- деп жазады Vesti.kz порталы. 

Спортшы 365 Info порталына берген сұхбатында АҚШ-тағы оқу-жаттығу жиыны және UFC файтерлерімен бірге жаттығу жайлы да әңгімеледі.

Арман өткен жылдың желтоқсан айында АҚШ-қа аттанған. Онда отандасымыз UFC-мен келіссөз жүргізіп, Американың жұмыс визасын күтіп жүрді. Сол аралықта ол Лас-Вегаста (Невада штаты) аты аңызға айналған файтер Рэнди Кутюр негізін қалаған әйгілі Xtreme Couture MMA спортзалында оқу-жаттығу жиынын өткізген. Желтоқсан айының соңында Оспанов Қазақстанға оралды.

Осыдан бірнеше күн бұрын «Сұңқардың» АҚШ-қа жұмыс визасын алғаны және енді америкалық промоушенмен келісімшартқа отыра алатыны белгілі болды. Оспанов осы жолғы сұхбатында UFC-дегі алғашқы жекпе-жегі қашан өтетінін, сондай-ақ алдағы жекпе-жекке арналған оқу-жаттығу жиынының қай жерде өтетіні туралы айтты.

«Жақында АҚШ-қа жұмыс визасын алдым. Менеджерлер ақпан айында жекпе-жек өткізу мүмкіндігіне ие болу үшін бірден Америкаға ұшу керек екенін айтты. Енді UFC-дегі алғашқы кездесуімді асыға күтіп жүрмін, Шон Шелбиден жауап күтемін. Сонымен қатар, Bellator және PFL келісімшарт ұсынды. Бірақ мен көптен бері UFC-ге баруды ойлап жүрмін. Өзімді жоғары деңгейде көрсеткім келеді.

Рэнди Кутюрдың залы Лас-Вегаста орналасқан. Онда Джозеф Бенавидес, Фрэнсис Нганну қатарлы спортшылар жаттығады, Джастин Гейджи келіп тұрады. АҚШ-та жаттығу жасағанда белгілі бір кестемен, тәртіппен жұмыс жасаймыз. UFC файтерлерімен бірге дайындалуға мүмкіндік бар. Біздің елде де кәсіпқой спортқа жағдай жасалған. Бірақ елде жұмыс кестесін сақтау қиын, кейбір отбасылық мәселелер алаңдаушылық тудырады. Ал Америкада тек қана жекпе-жекке толықтай ден қоюға болады. UFC-дегі алғашқы жекпе-жегімді ақпан-наурыз айларында өткізуді жоспарлап отырмыз», - деді Арман Оспанов.

Айта кетейік, «Сұңқар» сегізбұрышқа соңғы рет 2020 жылы наурызда, ACA 105 турнирі аясында шықты. Алматыда өткен кеште ол ресейлік Расул Мирзаевты бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын.
Әлеуметтік желілерде бөлісу


Тег:
Жаңалықтар