MMA
26 қазан 2022 14:19
 

Арман Оспанов Naiza 46 турнирінің басты айқасы жайлы пікір білдірді

  Пікірлер

blog.share

Арман Оспанов Naiza 46 турнирінің басты айқасы жайлы пікір білдірді ©aca-mma.com

28 қазан Алматыдағы Балуан шолақ атындағы спорт сарайында отандық лиганың Naiza 46 турнирі өтеді. Бұл кештің басты жекпе-жегінде "Қазақстандық МакГрегор" атанып кеткен Фаниль Рафиков бразилиялық Тиаго Сильвамен жекпе-жек өткізеді. 

blog.share

28 қазан Алматыдағы Балуан шолақ атындағы спорт сарайында отандық лиганың Naiza 46 турнирі өтеді. Бұл кештің басты жекпе-жегінде "Қазақстандық МакГрегор" атанып кеткен Фаниль Рафиков бразилиялық Тиаго Сильвамен жекпе-жек өткізеді. 

Нокдауннан тұрып. "Қазақстандық МакГрегор" қарсыласын нокаутқа түсірді

Айта кетейік, бразилиялық спортшы бұған дейін өзге қазақстандық файтер Аоман Оспановпен айқасқан еді. Осыған байланысты Арман Оспановтың пікірін назарларыңызға ұсынамыз. 

- Сізді осы Naiza 46 ивентіне келесіз деп естідік?

- Иә, күні кеше Naiza ұйымынан шақырту алдық. Құдай бұйырса, Naiza-ның 46 ивентіне келіп, еліміздің спортшыларына тілектес болып қолдау көрсетеміз.

- Фаниль Рафиков бұрынғы қарсыласыңыз Тиаго Сильвамен жекпе-жекке шығады. Екеуін де танисыз. Кім жеңіске жетеді деп ойлайсыз?

- Алматы қаласында Тиаго Сильвамен жекпе-жек өткізгенбіз. Негізі екеуін де танимын. Фаниль Рафиковті де көріп, бақылап жүрміз. Фанильдің жеңіске жетуге мүмкіндігі көп деп ойлаймын. Елімізді жеңіспен қуантады деп үміттенемін.

- Фанильдің "стойкасы" ма, әлде Сильваның грепплингі мықты ма?

- Сильваның партері жақсы, ол джиу-джитсу өкілі. Бразилияда джиу-джитсумен айналыспаған спортшы жоқ шығар. Олардың бәрі сонымен түпкілікті шұғылданады. Ал Фанильдің тік тұрып төбелесу, яғни соққы техникасы дұрыстау жігіт. Сондықтан Фанильге "стойкада" жұмыс істеу керек. Сильваның партері басымырақ болғасын соны қолдануға тырысады, дегенмен, "стойкасы" да жаман емес.

- Сильва жеңіп жатса, онымен Naiza лигасында қарымта жекпе-жек өткізуге дайынсыз ба?

- Егер ұсыныс болып жатса, көре жатармыз. Жалпы спорттық мансабымда Сильвамен екінші рет кездесуге дайынмын.

- Сильваға қарсы жекпе-жекте Фанильге айтар ақыл-кеңесіңіз.

- Фанильге айтарым - тік тұрып айқас. Фаниль күрес жағын шыңдап жатқан шығар деген ойдамын. Өйткені, бәріне дайын болу керек. ММА-де әмбебап болған абзал. Сильваның соққы техникасы бар, ол атылады, сол себепті жылдамдыққа дайын болу керек. Сильва білуімше, кейінгі жекпе-жектерінде көбінесе нокаутпен жеңілген. Сильва әбден соққы көрген, оны қолмен не аяқпен болсын теуіп құлатуға болады. Шердогына қарасам, жекпе-жектері нокаутпен аяқталған екен. Осы ретте, Фанильге сәттілік тілеймін! Елімізді қуанта берсін!

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Жарнама

Живи спортом!