Арман Оспанов "Қара жолбарыс" атанған Расул Мирзаевпен жекпе-жекке шығады

6 қаңтар 2020 17:16
© АСВ
Қазақстандық файтер Арман Оспанов "Қара жолбарыс" лақап атпен танымал ресейлік Расул Мирзаевпен жұдырықтасады. Бұл туралы Absolute Championship Akhmat (ACA) промоушені ресми хабарлады.

Жекпе-жек 6 наурыз алматыда өтетін ACA 105 турнирінде өтеді. Айта кетейік, Оспанов пен Мирзаев 2018 жылы 10 қарашада Мәскеуде жұдырықтасу керек болатын, алайда, қазақстандық файтер жарақатына байланысты октагонға шыға алмады. 



Sherdog статистикасы бойынша, 30 жастағы Оспанов тоғыз рет жеңіп, үш рет жеңілген, ал 33 жастағы Мирзаев 18 кезедсуді өз пайдасына аяқтады, оның екуі қазақстандық Ержанов Естановпен болды. Сонымен бірге, дағыстандық спортшы карьерасында екі рет жеңілген. 

Оспанов кейінгі жекпе-жегінде ресейлік Алексей Полпудниковтен жеңілді. Бұл олардың үшінші жекпе-жегі еді - трилоги 2-1 есебімен Полпудниковтың пайдасына аяқталды.