Арман Оспанов жеңілістен кейін бірінші рет мәлімдеме жасады

29 қаңтар 2022 18:36
©instagram.com/arman__ospanoff/

Белгілі ММА шебері Арман Оспанов (11-5) Eagle FC лигасындағы жеңілісінен кейін алғаш рет мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Ассалаумағалейкүм, Қазақ елі! Жеңіс те, жеңіліс те Алланың қалауымен! Саналы өмірімізді спортқа арнағандықтан, жеңілісті лайықты қабылдаймыз. Сағымыз сынбайды, еш мойымаймыз! Жанашыр жанкүйерлеріміздің қолдауына әрқашан қуат алып, рухымызды түсірмейміз! Өкініштісі, еліміздің артқан үмітін ақтай алмағанымызға, әркез жан-жүрегімен жанкүйер болатын жандарға жарқын жеңіс сыйлай алмағанымызға жанымыз жабырқайды", - деп жазады Оспанов инстаграм парақшасында.

Еске салайық, Оспанов Майамиде (Флорида, АҚШ) өткен кеште француз Дилан Сальвадорға есе жіберді. Жерлесіміз екінші раундтан кейін октагонға қайта шығудан бас тартқан.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: