Единоборства
14 мамыр 2021 10:08

Арман Оспанов Америкадағы бірінші жекпе-жегінде UFC-де айқасқан файтермен жұдырықтасады

Сурет: ACA©

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Арман Оспановтың (11-3) келесі айқасындағы қарсыласы ауысып кетті, деп хабарлайды "Вестник ММА" телеграм арнасы. 

10 маусымда Арман америкалық Professional Fighters League (PFL) лигасында алғашқы жекпе-жегін өткізеді.

Бастапқыда қазақстандық спортшының қарсыласы франциялық Энтони Дизи (13-4) болу керек еді. Ал енді Арман 2014 пен 2017 жылдар аралығы UFC промоушенінде өнер көрсеткен америкалық Крис Уэйдпен (18-6) жұдырықтасатын болды. Бұл кездесу жартылай жеңіл салмақта өтеді.

undefined

 

Еске салайық, кейінгі рет Оспанов АСА 105 турнирінде жұдырықтасып, ресейлік Расул Мирзаевті нокаутқа түсірген. 2020 жылы ол UFC-де бірінші жекпе-жегін өткізеді деп күтілген, алайда, дебют 2021 жылдың қаңтар-ақпан айларына шегерілді. Ақыры Арман әлемдік промоушенде өнер көрсетпеді. Ал мамыр айында ол PFL лигасына өткені белгілі болды.