Арман Оспанов АҚШ-қа жұмыс визасын алды

18 қаңтар 2021 19:47
Арман Оспанов. Сурет: ACA
Arlan MMA Pro командасының өкілі, қазақстандық файтер Арман Оспанов АҚШ-қа жұмыс визасын алды. Бұл туралы спортшының өзі "Ontustik TV" бағдарламасында айтты.

Арман өткен жылдың желтоқсан айында Лас-Вегаста (Невада штаты) аты аңызға айналған файтер Рэнди Кутюр негізін қалаған әйгілі Xtreme Couture MMA спортзалында оқу-жаттығу жиынын өткізген. Желтоқсан айының соңында Оспанов Қазақстанға оралды.

Арман Оспановтың командасы UFC-мен келіссөзді осы жылдың көктемінде бастаған, әрі жыл соңына қарай келіссөзді барынша белсенді жүргізді. Көп ұзамай отандасымыз америкалық промоушенмен келісімшарт жасасып, АҚШ-та өнер көрсетуі мүмкін.

Айта кетейік, "Сұңқар" сегізбұрышқа соңғы рет 2020 жылы наурызда, ACA 105 турнирі аясында шықты. Алматыда өткен кеште ол ресейлік Расул Мирзаевты бірінші раундта нокаутқа жіберген болатын.
Метки: