Арман Әшімов UFC ұйымымен келісімшартқа отырды

18 қараша 2020 20:04
Қазақстандық файтерлердің бірі Арман Әшімов UFC-мен келісімшартқа отырды. Бұл жайлы Arlan MMA Pro Team командасының жаңадан сайланған басшысы Дархан Бәкенов мәлімдеді.

"Арман UFC ұйымымен келісімшартқа отырды. Жақында осы ұйымның атынан жекпе-жекке шығуы керек. Қазіргі таңда ол АҚШ-та жұмыс визасын күтіп отыр",- деп айтты Бәкенов.
Метки: