Арман Әшімов Ресейде өткен турнирде жеңіске жетті

31 тамыз 2019 10:22

Қазақстандық файтер Арман Әшімов Ресейдің Орынбор қаласында өткен М-1 Challenge аралас жекпе-жектен турнир барысында бразилиялық Флавио Да Сильва Сантосты жеңді, - деп хабарлайды Vesti.kz.

Олардың жекпе-жегі белгіленген раундтар бойы толық өтті, соның нәтижесінде жеңімпазды анықтау үшін төрешілер іске көшті. Кездесудің толық видеосы да жарияланды.

Осылайша, Әшімов 11 рет жеңіске жетті, ол бұрындары үш рет жеңіліп, бір рет тең түскен. Ал Сантос спорттық мансабында төртінші рет жеңілді, ол бұрынғы кездесулерінде тоғыз рет жеңімпаз атанған.

Осыған дейін, Әшімов - Сантос кездесуінің жеңімпазы M-1 титулдық жекпе-жегі өткізуге мүмкіндік алатыны айтылған.

Метки: