Арман Әшімов Жапониядағы жекпе-жек кешіне қатысады

©Naiza FC

Қазақстандық файтер Арман Әшімов (12-3-1) келесі жекпе-жегін Жапонияда өткізетін болды. Бұл туралы жапониялық Rizin лигасы хабарлап отыр.

Жеңіл салмақта өнер көрсететін Әшімов келесі жекпе-жегін 23 наурыз Жапонияда өтетін Rizin Landmark 9 турнирінде өткізеді. Оның қарсыласы жергілікті спортшы Юсаку Накамура (14-6-1) болады.

Айта кетейік, Арман 2022 жылдың желтоқсанынан бері жекпе-жек өткізген жоқ. 

 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport