Аралас жекпе-жектің (ММА) қазақстандық шебері Арман Әшімов жалаң жұдырық айқасатын Nomad Fighting лигасымен келісімшартқа қол қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Арман келесі жекпе-жегін Nomad Fighting лигасы тамыз айының ортасында ұйымдастыратын турнирде өткізеді. Әшімов 57 келі салмақта өнер көрсетеді.