"Әрине Қуат...". ММА өкілі Артем Резников "Найман" мен "Пиранья" айқасына болжам жасады

24 қыркүйек 2021 18:44
©aca-mma

Белгілі аралас жекпе-жек өнерінің өкілі отандасымыз Артем Резников Қуат Хамитов пен Мариф Пираев арасындағы алдағы кездесуге пікір білдірді, деп хабарлайды Vesti.kz тілшісі.

"Бұл жекпе-жек кешінде әрине Қуат Хамитовқа жанкүйер боламын. Оның үстіне ол менің спарринг қарсыласым әрі досым. Бір жағынан Марифті де жақсы танимын. Сәлемім түзу. Сондықтан да болжам жасау қиын болып тұр. Бір ғана айтарым, екі алып арасындағы тартыс толыққанды үш раундқа созылуы мүмкін", - дейді Резников.

Еске салайық, Қуат Хамитов пен Мариф Пираев Сочидегі AMC Fight Night турнирінің басты айқасында жолығады. Аталмыш жекпе-жек кешін "Хабар" телеарнасының тікелей эфирінен елорда уақытымен 23:15 бастап тамашалай аласыздар.

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: