"Әрине жұдырықтасамыз". Қадыров пен Емельянко жекпе-жек алдында видео жариялады

19 ақпан 2020 14:51
© fightnews.info
Ресейлік файтер Александр Емельянко Instagram желісіндегі парақшасында Шешенстан басшысы Рамзан Қадыровпен жұдырықтасайын деп жатқаны туралы бейнеролик жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Әрине, жұдырықтасамыз, біз чемпионбыз ғой. Мен және Александр, біз - чемпионбыз. Бірақ біз әлі арамызда кім чемпион екенін анықтауымыз керек. Бұл туралы хабардар боласыздар", - дейді Қадыров.



Айта кетейік, Емельянко Грозныйда Магомед Исмаиловқа қарсы жекпе-жекке дайындалып жатыр. Ол ACA 107 турнирі аясында өтеді.

Бұған дейін Рамзан Қадыров Емельянконы Instagram желісіндегі парақшасында видео үндеу жариялап, жекпе-жекке шақырған. Видеода Шешенстан басшысы жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан.
Метки: