Аралас жекпе-жектің қазақ шебері UFC-дегі үшінші жеңісіне қанша алғаны айтылды

2 қыркүйек 2019 14:40
© UFC
Ресейлік қандасымыз Дамир Ысмағұловтың UFC промоушеніндегі үшінші жеңісі үшін қанша гонорар белгілі болды, - деп хабарлайды Аllfight.ru.

Бұл кездесуде Ысмағұлов 31 мың 500 доллар ұтып алды. Мұндағы 14 000 - жұдырықтасқаны үшін, 14000 - жеңіс және 3500 - Reebok компаниясының демеушілік төлемі кіреді. Қазақ файтердің қарсыласы бразилиялық Тиаго Мойзес бұл жекпе-жек үшін 15500 доллар алды (12000 жұдырықтасқаны үшін және 3500 - Reebok компаниясының демеушілік төлемі).

Еске салайық, 31 тамызда Ысмағұлов Қытайдың Шэньчжэн қаласында өткен UFC Fight Night 157 турнирінде Мойзестен басым болып, UFC промоушеніндегі үшінші жеңісіне қол жеткізді. Жекпе-жек толық үш раунда өтті, оның қорытындысы бойынша қазақ файтер төрешілер шешімімен жеңді.