Единоборства
2 сәуір 2021 10:30

Аралас жекпе-жектен Қазақстан чемпионы саудагерлерді бопсалағаны үшін сотталды

Сурет: ВК желісіндегі "Типичный Атырау" парақшасынан

Аралас жекпе-жектен Қазақстан чемпионы Асқар Үмбетов бопсалау үшін жеті жылға сотталды,- деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Атырауда бопсалау және басқа да қылмыстар бойынша айыпталған үш адамға сот үкімі шықты. 

Қылмыстық іс Атырау облысының ауданаралық қылмыстық істер бойынша мамандандырылған сотында қаралды. Тағылған айыптар қатарында "Бопсалау", "Ұйымдасқан қылмыстық топ құру және жетекшілік ету", "Қаруды заңсыз сақтау және алып жүру" баптары.  

Айыптаушы тарап нұсқасы бойынша, спортшылардан құралған топ мүшелері Оңтүстік Қазақстандағы "Көктем" және "Дина" базарларының сатушыларына салық салған. Оларды тауарын немесе өздерін құртамыз деп қорқытқан. 

Айыпталған үшеуі де жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Спортшылар айыбын қатаң режимді колонияда өтейді, сонымен қоса, әрқайсысы зардап шеккен тарапқа 80 мың теңгеден өтемақы төлеуі тиіс. 

Сотталғандардың бірі Асқар Үмбетов шокотан каратеден, жауынгерлік самбодан, джиу-джитсу мен панкратионнан Қазақстан чемпионы.