Аралас жекпе-жек тарихындағы ең ұлы файтердің есімі аталды

2 маусым 2020 10:15
Сурет: wrestling.com.ua
Америкалық CBS телеарнасы ММА тарихындағы ең ұлы файтерлердің рейтингін құрды. 

UFC ұйымының pound for pound рейтингінде көшбасшы америкалық Джон Джонс бұл тізімде де бірінші тұр. Айта кетейік, файтер кеше чемпион титулынан бас тартатынын мәлімдеген. Екінші орында Андерсон Силва, ал үшінші - канадалық Жорж Сен-Пьер.

UFC-дегі ең мықты файтер чемпиондық белбеуден бас тартатынын мәлімдеді

Төртінші орынға CBS атақты ресейлік Федор Емельяненконы қойыпты, ал оның жерлесі жеңіл салмақта UFC чемпионы Хабиб Нурмагомедов тек алтыншы. UFC тарихында алғашқы болып екі салмақта чемпион Конор МакГрегор тізімде тоғызыншы.

CBS тұжырымынша ММА трихындағы ең мықты файтерлердің ондығы:

1. Джон Джонс (США)
2. Андерсон Силва (Бразилия)
3. Жорж Сен-Пьер (Канада)
4. Федор Емельяненко (Россия)
5. Деметриус Джонсон (США)
6. Хабиб Нурмагомедов (Россия)
7. Жозе Альдо (Бразилия)
8. Даниэль Кормье (США)
9. Конор МакГрегор (Ирландия)
10. Мэтт Хьюз (США).