Аңызға айналған Буакав енді жалаң жұдырық айқасады

15 шілде 2022 10:23
©Fight Record

По Прамук лақап атты атақты тай боксшы Буакав Банчамек жалаң жұдырықтасатын Bare Knuckle FC промоушенімен келісімшартқа отырды, деп хабарлайды sports.ru.

Буакав тай боксы тарихында аңыз спортшылардың бірі саналады. 40 жастағы Банчамек түрлі нұсқа бойынша әлем чемпионы атанды және K-1 World Max Гран-приін екі рет жеңіп алған тарихтағы алғашқы спортшы.

Жалпы тай боксшының есебінде 239 жеңіс, 24 жеңіліс және 12 тең жекпе-жек. Ал жалаң жұдырықпен ол алғаш рет айқасады. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport

 

Метки: