Ресей құрамасының бұрынғы қорғаушысы Федор Кудряшов Fight Nights турнирінде рэпер Дмитрий Goody Гусаковпен кикбоксинг ережесі бойынша жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды Vesti.kz.
Мәскеуде өткен бұл айқас турнирдің басты оқиғасы болды және екінші раундта нокаутпен аяқталды - 39 жастағы Кудряшов басына хай-кик өткізіп алып, ауыр нокаутқа түсті.
Бұл жекпе-жек Кудряшов үшін жекпе-жек түрілеріндегі алғашқы тәжірибе болды. 2018 жылғы әлем чемпионатының ширек финалисі соққыдан кейін есінен танып, дәрігерлер оны қалпына келтіру үшін оттегі маскасын қолдануға мәжбүр болды.
Футболдағы карьерасында Кудряшов "Сибиряк", "Спартак" (Мәскеу), "Химки", "Томь", "Краснодар", "Терек", "Ростов", "Рубин", "Сочи", "Факел", сондай-ақ, Түркияның "Истанбул Башакшехир" және "Антальяспор" клубтарында өнер көрсеткен.
2016-2021 жылдар аралығында Ресей құрамасында ойнап, 48 матч өткізіп, бір гол соқты.
Футболдағы карьерасын аяқтағаннан кейін Кудряшов Ресейдің Медиа-лигасында өнер көрсетіп жүр - қазіргі таңда "2Drots" командасының сапында ойнайды.
Жарнама