Андеркардта қазақстандық файтер өнер көрсететін АСА 123 турнирі қатысушыларының тізімі белгілі болды

30 сәуір 2021 15:18
Фото: instagram.com/aca_kazakhstan/

Мәскеудегі "ЦСКА-Арена" кешенінде 28 мамыр күні аралас жекпе-жектен ACA 123 турнирі өтеді. Турнирдің бас кездесуі жартылай орта салмақтағы ресейлік Андрей Кошкин мен украиналық Александр Бутенко арасында болмақ. Ал кештің андеркардында қазақстандық Георгий Кичигин бразилиялық Элиаса Сильвериоға қарсы шығады, деп хабарлайды Allboxing.ru.

Негізгі қарсыластар тізімі:

Андрей Кошкин - Александр Бутенко;

Георгий Кичигин - Элиас Сильверио;

 
Арен Акопян - Чарльз Энрике;

Алексей Полпудников - Александр Матмуратов;

Павел Витрук - Дилено Лопес;

Станислав Власенко - Кристиан Бринзан;

Алексей Ефремов - Рене Пессоа.

Естеріңізге сала кетейік, Мәсеуде өткен соңғы АСА 118 кешінде, қарымта кездесуде, Кичигин төрешілер шешімімен ресейлік Гаджимураду Хирамагомедовке есе жіберген болатын. Оның алдында файтерлер2017 жылы Қазақстан астанасында өткен Fight Nights 65 кездескен. Ол кездесуде қазақстандық төрешілер шешімімен жеңісті қанжығалаған еді.

Метки: