Америкалық спортшы көз арбасуға кезекті рет қазақтың тымағымен шықты

©instagram.com/b_allen185

Аралас жекпе-жек өнерінің шебері Брендан Аллен UFC промоушеніндегі айқасы алдындағы көз арбасуға кезекті рет қазақтың тымағымен келді, деп жазады Vesti.kz тілшісі. Бұл тымақты америкалық спортшыға Шавкат Рахмонов сыйға тартқан еді.

Осының алдында да Аллен тымақпен шығып, аустралиялық Джейкоб Малкунды жеңген болатын. 2 қазанда Лас-Вегас (Невада, АҚШ) төріндегі UFC Fight Night 211 турнирде ол поляк Кшиштоф Йоткомен кездеседі.

Ал кештің басты айқасы америкалық ару Маккензи Дерн мен қытай қызы Янь Сяонань арасында өтеді.  

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport