Америкалық сарапшы Рахмонов пен Гастелум айқасында кім жеңетінін ашық айтты

©UFC

ММА туралы жазатын америкалық журналист Джек Маккаферри Vesti.kz тілшісіне берген сұхбатында Шавкат Рахмонов (17-0) пен Келвин Гастелум (17-8-0-1) арасындағы жекпе-жекте кім жеңетінін айтты. 

Чемпионмен айқасқан. UFC басшысы Рахмоновтың келесі қарсыласын атады

"Рахмонов үшін аса мықты қарсылас емес. Шавкаттың топ-5 тізімдегі біреумен жұдырықтасқанын көргіміз келеді. Дегенмен, Гастелум де даладан келе салған жоқ, оның да қарсыласты әбігерге салатын әдістері бар. Бірақ оның салмақ ауыстыруда қиындықтары болады. Салмақ қосудың өзінде қиындықтар кездеседі, ал салмақты түсіру ең қиынның қиыны. 

Сондықтан ол бар мүмкіндігін ашып көрсете алмайды деген ойдамын. Бұл дегеніміз Шавкатты жеңуге оның еш мүмкіндігі жоқ екенін білдіреді. Шавкат қалай болса да жеңеді, тіпті жекпе-жек нокаутпен бітуі де мүмкін", - дейді Маккафери. 

Vesti.kz сайтын осы әлеуметтік желілерінде оқыңыздар

@vestisport @vestikzsport

Vesti-де Tik Tok та бар @vestikzsport